Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Елімізде жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап өтейік. Мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатының нәтижесі екені белгілі. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Президент жыл сайынғы жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», — деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын назарларыңызға ұсына кетейік. Кәсіпкерлік мектебінде «Өркен старт-ап» жастар жобасының екінші оқу кезеңі өтті. Аталған жобаның негізгі мақсаты облыс жастарының бойында кәсіпкерлікке деген құштарлығын арттыру және бизнес саласын жастар арасында белсенді насихаттау болып табылады. «Өркен старт-ап» жобасының қатысушысы болуға Түпкістан облысының тұрғындары 16-дан 29 дейінгі жас аралығындағы азаматтарға мүмкіндік берілген. «Басты шарт — жасампаздыққа және жеке бизнесін дамытуға даяр болу», — дейді жоба үйлестірушісі Г.Вероцкая. Болашақ бизнесмендердің даңғыл жолына бастама болатын жобаға ең белсенді 17 адам алғашқы қатысушы атанды. Мәселен, қазіргі қолданыстағы заңда нысаналы топқа 13 санаттағы азаматтар жатқызылған болатын. Енді жаңа заң жобасына сәйкес, біз олардың ауқымын кеңейтеміз. Атап айтқанда, бүгінгі күні кәсіби оқытуға немесе қоғамдық жұмыстарға тек қана жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жіберіліп келді. Ал жаңа заң жобасына сәйкес, бұндай оқыту мен қоғамдық жұмыстарға уақытша жұмыстан босатылғандар мен мәжбүрлі ақысыз демалысқа шыққан азаматтар да қатыса алады»
R-ақпарат