ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына ҚР Кәсіподақтар федерациясының тізімі бойынша Шымкент қаласынан үміткер болған Данабек Исабеков Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен халықтың басым дауысына ие болып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды.
Еске салсақ, сайлау науқаны аясында Данабек Ержанұлы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешовпен келісімге отырған болатын. Келісім аясында сайлауда ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұсынған «Әлеуметтік мемлекетке 15 қадам» бағдарламасы аясында еңбек адамының мүддесін қорғап, олардың әлеуметтік жағдайының артуына үнемі ықпал жасайтынын, еңбеккерлердің тұрмыс сапасын жақсарту бойынша атқарылар жұмыстарды орындауға бар күш жігерін жұмсайтынын айтты. Кандидатымызбен үгіт-насихат кезеңінде бірге жұмыс істеп, барынша қолдау білдірдік. Бұл бірлескен жемісті еңбектің жеңісі.
Кәсіподақтарға еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделері тұрғысынан еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына нақты және кедергісіз қоғамдық бақылау құқығы берілуі керек.
Еңбеккерлерге міндетті кепілдіктерді белгілеу, әлеуметтік әріптестікті дамыту, Халықаралық еңбек ұйымының құжаттарында бекітілген үздік халықаралық еңбек стандарттарын енгізе отырып, еңбек заңнамасын жетілдіруге қол жеткіземіз.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының санын көбейтіп, Еңбек министрлігінің қарамағына береміз.
Еңбек қатынастарының кез келген нысаны тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, заңды түрде жасалуы тиіс.
Данабек Ержанұлы, сізді сайлаудағы жеңісіңізбен риясыз көңілмен кәсіподақтар атынан құттықтаймыз! Жерлестеріміз өзіңізге үлкен үміт артып, ел мүддесі үшін еңбек етеді деп сенеді. Жұмысшы халықтың үміті ақталып, әлеуметтің алдындағы абыройыңыз асқақтай берсін. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
Ал қалған үміткерлеріміз байқа қорытындысының нәтижесін күтуде.