26 маусым — Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз болашақ» айлығы аясында Ордабасылық полицейлер аудан тұрғындары мен жастары қамтылған «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» акциясын ұйымдастырды.
Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Маханбетов «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» іс-шарасының маңызын түсіндіріп, аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды баяндады.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл аудан көлемінде нашақорлыққа теріс ұғым қалыптастыру мақсатында өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Ауданның бас полицейі Ғалымжан Қуашбаев Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар аударатынын тілге тиек етіп, нашақорлықтың себеп-салдарымен күресу жұмыстары жанданатынын жеткізді.
Шара соңында «Есірткісіз болашақ» айлығына арнайы дайындалған бейнероликтер көрермен назарына ұсынылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.