• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Біздің күшіміз — бірлікте

Автор:admin

Июн 28, 2023
Spread the love

Еңбек ету тәртіптемесі, оның қауіпсіздігі, еңбекақы төлеу, демалу реттері, басқа да жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қарым-қатынастары негізінен әлеуметтік әріптестік жолымен реттеледі.
Кәсіподақ өз жұмысында жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіби одақтар туралы» Заңы және республиканың басқа да нормативті заңдық актілері негізінде жасалған Ұжымдық шартты қолданады.
Ұстаздардың енбекке деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі іс- шараларда белсенділік танытқан мұғалімдерге сыйақы берілсе, мұғалімдер күнінде түрлі деңгейдегі алғыс хаттар, марапаттаулар беріліп келеді.
Ұстаздардың бірде бір өтініштері назарсыз және жауапсыз қалған емес. Сондай-ақ комитет жеке еңбек даулары мен жанжалдарын шешу бойыншада жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар Педагог мәртебесі туралы заңда айтып өткендей тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге тәлімгерлік туралы ережені бекітеді. Барлық жас қызметкерлерге олардың жұмыстары басталған күннен бастап 10 күннен және 6 айдан кешіктірмей тәлімгерлер бекітіледі.
Қазіргі таңда кәсіподақты шипажайға, сауықтыру орнына жолдама беретін ұйым ретінде қабылдайтындардың қатары жоқ десе де болады. Ал ақиқатында бүгінде заман талабына сай жаңғырған кәсіподақтардың жаңа жүйесі құрылып, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынастарына көзқарас жаңарды.
Қалалық білім басқармасы басшысының марапат қағаздарын алу үшін бастауыш кәсіподағы жергілікті кәсіподақ арқылы білім басқармасы мен өзге де мемлекеттік мекемелерден марапат қағаздарын алып беруге атсалысуда.
Сіз Кәсіподақ мүшесі болсаңыз ғана өз құқықтарыңыз бен мүмкіншіліктеріңізді толық қанды жүзеге асыра аласыз. Алайда, кәсіподақ мүшесі болып саналмайтын жеке және заңды тұлғаға кәсіподақ тарапынан көмек көрсетілмейді деген сөз емес. Керісінше, кәсіподақ мүшесі өзін ұйым мүшесі ғана емес, құқығын қорғайтын, отбасымен қоса қамқорлыққа алынғандығын сезінудің өзі әрбір кәсіподақ мүшесіне күш берері сөзсіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика