Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Турлыбеков:
Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы әңгімесін әдемі бастады. «Біздің бар еңбегіміз ел игілігі үшін. Сондықтан сізбен сұхбаттасуға дайынбыз. Бар еңбегіміз ашықтық пен жариялылықтан тұрады»,- дейді ол. Риза болып қалдық. Не мәселе? Не мақсат? Неге сұхбат алып жатырсыздар? -деп «саясат» іздеп жатпай, бірден әңгімеге бел шеше кіріскені ұнады. Шағалалы аумақтың халқына мемлекеттен берілген бар мүмкіндік шегінде жұмыс істейтін мекеменің басшысының ашық -жарқын қалпы, достық бейілі кез келген іске ашықтығын байқатып тұр ау деп ой топшыладық өз тарапымыздан. Десе дегендей ақ, бұл өңірде өзге жерлердегідей жұмыс мардымды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жағдайлардың жай күйін саралап, сұхбатқа арқау еткен кезімізде түсінгеніміз осы болды.
—Сіз өзі ашық-жарқын жан екенсіз. Осы ашықтығыңыз жұмысыңыздағы біраз келеңсіздіктерді бел ортасынан жойып жіберетін шығар. Қазір өзіңіз басқарып отырған мекемеде қанша адам еңбек етіп жатыр? Қандай қызмет түрін көрсетіп жатырсыздар? Негізгі қызметтеріңізге тоқталып өтссеңіз…
-Әңгімемді ең басынан бастасам, біздің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығы негізінде 13 қызмет түрін, Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығы негізінде 9 түрін, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу 1 түрі, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары негізінде 23 қызмет түрін көрсетеді. Сіздің негізгі міндетіміз туралы сұрағыңызға жауап беретін болсам, бөлімнің негізгі қызметтерінің бірі аудандағы жекелеген санаттағы аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызілікті қарттарға және мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға әлеуметтік көмектер көрсету мен азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады. Біздің бөлімде жалпы саны 69 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде 1 бөлім басшысы, 1 орынбасар, 6 бас маман, 12 техникалық қызметкер, 2 маман, 2 бөлімше басшысы, 2 кеңесші, 43 әлеуметтік қызметкер. Өз басым кадр ауыстырғанды жек көремін. Жасалып жатқан жұмысқа кедергі келтіреді. Бір адамның етіп жатқан еңбегін екінші адамның алып кетуі үшін уақыт қажет. Ұжымға сіңісемін дегенше де біраз күш керек. Сондықтан мамандарымның бойында алдымен сенім бар. Ешкім ертең кетіп қалам деп өз жұмсына құлқсыздық танытып жатқан жоқ. Жұмысына пысық. Әжетін мемлекет өтеп беретін санаттардың барлығына биязы. Тірліктерін дер кезінде тындырып жатыр.
-Өз сөзіңізде әжетін мемлекет өтеп беретін санат деп қалдыңыз… Аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер бойынша мәлімет беріп кетсеңіз…
-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша айтарымыз бар. Соңғы сегіз айда алты жүз тоқсан үш отбасының төрт мың бір жүз жетпіс алты мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың бір жас пен алты жас аралығындағы жеті жүз алпыс сегіз баласына кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Әрине әлеуметтік осал топтың санатын анықтау да біршама шаруа…
-Мұндай әлеуметтік көмек аға буын өкілдері мен ардагерлерге де беріледі емес пе?
-Аудандағы аға буын өкілдерімен ардагерлерімізді әлеуметтік сауықтыру мақсатында, 2022 жылы облыстық басқармадан 320 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға «Мейір» сауықтыру орталығына 106 жолдама, «Ардагер» сауықтыру орталығына 106 жолдама берілді.Одан бөлек зейнеткерлермен қарттарға «Күлпаршын» санаториясына жергілікті бюджеттен 120 жолдама бөлініп, 8 айдың қортындысымен 90 азамат ем алып қайтты. Аудан әкімдігінің «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссиясының» хаттамасы негізінде әлеуметтік көмек ретінде жалпы саны 119 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бүгінде олардың барлығы дән риза. Уақтылы көрсетілген көмек баршаның көңілінен шығып отыр.
-Мемлекет көмегіне мұқтаж жандарды санатқа бөлсек, кімдер қамтылуда?
-7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан 34 ардагер, Тәжікістан-Ауғаныстан аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 23 адам, Таулы Қарабахтағы этонсаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 5 адам, 1986-1987 жылдары Чернобль атом электр станциясындағы апаттың, радияциялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан 1 адам, 9—мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамының екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) 7 адам, 1941 жылдың 22 маусым-1945 жылғы- 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржы еңбегі үшін тыл ардагерлеріне 30 адам, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген 19 адам мемлекеттен көмек алды. Одан бөлек жергілікті бюджеттен аудан әкімдігінің 25.01.2022 жылғы №30 қаулысы негізінде 28 тыл ардагеріне, 7 Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне 2 айлық есепттік көрсеткіш мөлшерінде жалпы сомасы 214 410 теңге қаралып, 2022 жылға Республикалық «Ардагерлер тынысы» журналына, аудандық «Өскен өңір» және «Шартарап-Шарайна» газеттеріне басылымға жазу жұмыстары жүргізілді.
-Туберкулез аурумен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша не тіршілік? Олар мемлекетке мұқтаждар санатына кіре ме?
-Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №38-249-VI «Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес, туберкулез аурумен ауыратын азаматтарға ай сайын әлеуметтік көмек ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы төленеді. Туберкулез аурумен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде жергілікті бюджеттен есебінен 27 азаматқа әлеуметтік көмек төленді.
-Көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге берілген әлеуметтік көмектер бойынша да айта өтсеңіз…
Жалпы аудан бойынша 751 «Алтын алқа» иегері, 2113 «Күміс алқа» иегері, 108 «Батыр ана», 98 «1 және 2 дәрежелі Ана даңқы» орденімен марапатталған және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар 4806 көп балалы аналар тіркелген. 2022 жылдың осы кезеңіне аудандағы көпбалалы аналармен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында, Алғыс айту күініне орай демеушілер есебінен әлеуметтік көмектер, «8-наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 2890 анаға бір жолғы әлеуметтік төлем төленді. Наурыз мейрамына орай аудандағы аз қамтамасыз етілген 307 отбасыға демеушілер есебінен әлеуметтік пакеттері ұйымдастырылып берілді. «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай 161 адамға әлеуметтік пакеттер ұйымдастарылып берілді.
-Шардара ауданында демеушілер есебінен жүргізілген көмекке тоқтала кетсеңіз… Атымтай Жомарттай қолқайырлы жандардың шарапаты кімдерге тиіп жатыр? Қамқорлық бағдарламасының орындалуы туралы да ой бөліссеңіз…
-Дұрыс сауал… Қазақ елі өзінің мейірім шапағатымен ерекшеленеді. Біз сияқты мәрт ел жоқ сияқты көрінеді кейде…осы орайда Шардара ауданы бойынша демеушілік көмек есебінен «Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру бойынша 26 отбасы анықталып, оларға 763,0 мың теңгенің (азық-түлік, аяқ-киім,) әлеуметтік көмектері көрсетілді. 2 отбасы түрғын үймен қамтамасыз етілді. Еңбекке жарамды 3 азамат жұмыспен қамтылды.
-мүгедектерді оңалту саласы бойынша не жұмыстар жүргізіліп жатыр? оларды міндеттелген гигиеналық құрал-жабдықтармен қамту бойынша не айтасыз?
-Ауданда жалпы 3196 мүгедек тіркелген. Оның ішінде I-II топтағы мүгедектер саны – 1345, III топта – 1379, мүгедек балалар саны – 472. Оның ішінде жеке оңалту бағдарламасына сәйкес I топтағы 62 жүріп тұруы қиын мүгедек бөлімге есепке алынып, жеке көмекшілердің қызметі көрсетілуде. Одан бөлек ауданда ымдау тілін қажет ететін II-III топтағы 35 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді. 2022 жылдың 8 айында жалпы аудан бойынша 576 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Жүріп тұруы киын протез ортопедиялық бұйымдарды қажет ететін 94 мүгедекке 171 құралға жолдама берілді. Санаториялық-курорттық ем қабылдауға бойынша 923 мүгедекке санаторияларға жолдама беріледі. 21 мүмкіндігі шектеулі азамат 74 тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді. 25 мүмкіндігі шектеулі азамат 57 сурдотехникалық құралмен қамтамсыз етілді.
-Осы санаттағы азаматтарды тасымалдау бойынша қандай шараларды қолға алып жатырсыздар?
— «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығына сәйкес бүгінгі таңға 180 азамат инватакси қызметін алды. Бұл жұмыс жүйеленген бүгінде. Бір күн бұрын өтінім қабылданады. Сол өтінімнің негізінде алдымен оқуға баратындар мен ауруханаға баратындарға қызмет кезексіз көрсетіледі. Одан кейін жүзуге, құжат қаттау сияқты тірліктерге баратын адамдарға Инватакси қызметі көрсетіледі.
-тағдырынан теперіш көрген жандарды бейімдеу үшін не істеп жатырсыздар? Соның ішінде ғимараттарға кіріп шығу қиындығын жеңілдететін пандус орнату Шардара ауданында қай деңгейде?
-Бейімдеу десеңіз алдымен пандусқа тоқталайын… Жалпы аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылымдық 110 нысан бейімдеуден өткізілген. Оның ішінде 69 мемлекеттік 41 жеке меншік нысан. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету «Ғимараттар мен имраттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті ҚР ЕЖ 3.06-101-2012* СП РК 3.06-101-2012* ережесіне сәйкес, 6 көрсеткіш бойынша бейімделуі тиіс бірнеше ғимаратта арнайы талаптар бар. Оның ішінде: Бірінші ғимаратқа немесе учаскеге іргелес аумаққа кіру, аумақта қозғалыс жолы, баспалдақ, пандус сыртқы, автотұрақтарда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріс тұрысына кедергі болмау керек. Екінші Ғимаратқа кіру (кірістер) баспалдақ, пандус, кіру алаңы, есік кіреберіс, тамбурда да болу керек. Үшінші, ғимарат ішіндегі қозғалыс жолы, оның ішінде эвакуациялық жолдар, дәліз, вестибюль, күту аймағы, галерея, балкон, баспалдақ ғимарат ішіндегі, пандус жолаушылар лифтісі немесе көтергіш, есік, эвакуациялау жолдары оның ішінде қауіпсіздік аймақтарын ұмыт қалдырмаған жөн. Төртінші ғимараттың нысаналы мақсат аймағы объектіге нысаналы бару, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қызмет көрсету орындарының, кабинеттер. Бесінші санитарлық-гигиеналық үй-жайлар, дәретхана бөлмесі, душ/ванна бөлмесі, тұрмыстық бөлме, соның ішінде киім бөлмесі. Алтыншы объектідегі ақпарат жүйесі: көрнекі құралдар, акустикалық құралдар, тактильді құралдар. Жалпы алғанда 2021-жылы ауданда 11 нысан бейімдеуден өткен. Оның ішінде Шардара қаласы әкімінің, Шардара аудан әкімінің, Жаушықұм ауылдық округі әкімінің, Достық ауылдық округі әкімінің, Алатау батыр ауылдық округі әкімінің, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының, Қоссейіт ауылдық округінің мәдениет үйі, Достық ауылдық округінің мәдениет үйі, Көксу ауылдық округінің мәдениет үйі, аудандық мәдениет сарайы және Шардара қалалық емхананың ғимараты. 2022 жылы 8 нысан қайта бейімдеуден өткізу жоспарлануда.
-журналист сауалына қосып аларыңыз бар ма? Не қалып қойды айтылмай?
— Бізде мәселен «Рахым-сауап» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бар. онда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша да қоса кетейін. Аудандағы жалғызілікті 129 қартқа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, 22 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша айтуға болады. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлімге тіркеуге алынған 89 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
-Сіздерге АХАТ саласы да қарайды щатаспасам…
— ия бізге АХАТ саласы қарайды. Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 2022 жылдың 8 айда 1604 актілік жазба тіркелген. Оның ішінде туу туралы 1125, қайтыс болу туралы 212, неке қию туралы 250, неке бұзу туралы 13, аты-жөнін ауыстыру бойынша 4 актілік жазбалар.
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерді тіркеу саласы бойынша мамандары «22-Наурыз», «8-Наурыз», «Отбасы күні», тәуелсіздік күні мерекелеріне орай жаңадан отбасын құрған жас отбасыларға салтанатты түрде неке қию куәліктері мен сыйлықтарын табыс ету жұмыстары жүргізілді. Азаматтық хал акті жазбаларын өзектендіру бойынша сканерленген 93 371 актілік жазба 100 пайызға өзектендірілді. Бүгінгі таңда өзектендірілген актілік жазбаларды саралау жұмыстары жүргізілуде.
-«Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметін» де ұмыт қалдырмай айта кетейік… Жалпы риза болып отырмын. Бүгінгі сұхбат бір кең көсілген сұхбат болды ғой.
-2021 жылдың 1 қазанында аудан әкімдігінің №269 қаулысымен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ің негізгі міндетіндегі «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндетіне берілді. Осының негізінде бөлімде «Әлеуметтік-психологиялық қызмет» көрсету секторы құрылды.
-Тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшырағандарды сүйемелдеу бойынша арнаулы көмек жайын қаузасақ…
-Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені бойынша бөлім тарапынан бүгінгі таңда 38 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Қазіргі таңда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметінің секторы қала, және ауылдық округ әкімдерімен, мемлекеттік мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатылған. Ауданда құқықтық көмекке мұқтаж, жайсыз тәрбиесі қиын отбасылырдың үйлеріне барып, құқықтық, және психологиялық көмек кеңестер берілуде. Аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдердің құқығын қорғау инспекторы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық орталық аурухана психолог мамандарымен біргелікте М.Әуезов, С.Кәттабеков, Жабаев атындағы жалпы орта мектептерінде «Зорлық зомбылықсыз болашақ» тақырыбында кездесулер өткізілді. «Зорлық зомбылықтың зардабы мол» тақырыбында аудандық «Өскен өңір» №05(592 газетінің 4 ақпанда) мақала жарияланды. 2022 жылы 18 ақпан күні Құрманғазы, А.Иманов жалпы орта мектептерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, аудандық жастар орталығы мамандарымен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен және аудандық орталық аурухана психолог мамандарымен бірлесе «Саналы ұрпақ болашақ кепілі» тақырыбында кездесулер өткізілді.
-Керемет, жанжақты тарқатылған сұхбат болды. Уақыт бөліп, журналист сауалына жан жақты жауап бергеніңізге мың алғыс!
-Сізге де көп – көп рахмет!
Сұхбатты жүргізген Эльмира Тұрлыбек.