Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы, Береке шағын ауданында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б. Жалмурзаев, Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, азаматтық келісімді нығайту, кереғар діни ағымдардан сақтану жөніндегі келелі ойлар ортаға салынды.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастар арасындағы тәрбие, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру т.б. мәселелер айтылып, аумақ тұрғындары өз пікір, ойларын айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстарды жүргізетін болып келісілді.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу, этносаралық қатынастар саласында мемлекет пен қоғамның азаматтық институттары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Келісім, толеранттылық атмосферасын қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен білім саласының ықпалы, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы және қоғамдық бірлікті нығайтудағы қызметі талқыланды.
Рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, толеранттылықтың жоғары мәдениетін, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасты, патриотизмді, сондай-ақ балалардың тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және интеллектуалдық дайындығын тәрбиелеудің, әлеуметтік өзара іс-қимыл және оң этносаралық коммуникациялардың өзекті мәселелері көтерілді.