Шымкент қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігінің белсенділері дендросаябақтағы «Достық» аллеясына отырғызылған ағаш көшеттерін суғаруды қолға алды. Игі бастаманың себебін күннің ысуымен түсіндірген этноұйымның өкілдері көшеттерге шілде суын құю сауапты әрі пайдалы екенін атап өтті.
Ассамблея жастарымен, жастар ұйымдарының және бірлестіктерінің өкілдерімен олардың жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиындар жасаумен қатар өзге форматтардағы іс-шаралар ұйымдастыру арқылы Шымкент қаласының қзге этностар арасындағы достық пен қаламыздағы тұрақтылықтьы қамтамасыз етуге қосқан үлестерін айқындау керек. Шаралардың тиімділігі мен нәтижелі болуы жастар бастамасын дамытудың өлшеміне айналып отыр. Өткен айда болған оқиғалар жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын, әлеуетін арттыру қажет екенін көрсетті. Жастарды қоғамдық келісім негізінде топтастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Бүгінде біз алдымызға жастарға нақты көмек беру жөнінде мақсат қойып отырмыз.
Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруымыз қажет. Белсенділердің айтуынша, енді қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің өкілдері әр апта сайын дендросаябақтағы «Достық» аллеясына отырғызылған көшеттерді суғару бастамасын жалғастырып, тал-дарақтың шілде суынан қысылмай шығуына септесетін болады. — Аллеяға көшеттерді биыл көктемде отырғыздық. Сол кезде осы алаңдағы ағаштарды күтіп баптау ассамблея белсенділеріне тапсырылды. Биыл шілде айы ерекше ыстық болып тұр. Сондықтан артылған сенімнің үдесінен шығу үшін көшеттерді суғару бастамасын қолға алдық, дейді Рустембай Худайбердалиев. Айта кетейік, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Достық» аллеясына жүзге жуық көшеттер отырғызылған.