Қазақстан бірлігі күні қарсаңында Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының эскперт маманы Жансая Маратқызының қатысуымен «Бейбітшілік – ел тілегі» атты тақырыпта дәріс оқылып, дөңгелек үстел өткізілді.
1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін жас мамандарға жеткізу, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу болып табылады. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі — өнегесін жас мамандарға сіңіре отырып, кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым — қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі кештің ең басты мақсаты болды.
Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, — деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі — Қазақстан халықтарының бірлігі.
Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар дейді» біздің дана халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі — еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.