«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының «Жасұлан» бастауыш партия ұйымының мәжіліс залында «Партияның басты тірегі – бастауыш партия ұйымдары» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Жиында бастауыш партия ұйымының төрағасы Тасмурзаев Абуали ағымдағы 2023 жылдың жылдық жоспары мен партия бағдарламасын таныстырып өтті.
Партияның ірге тасы, басты күші – ол бастауыш партия ұйымдары. Қабылданған бағдарламалық құжаттардың, партиялық жобаларды жүзеге асыру жолында бастауыш ұйымдарының рөлі ерекше. Қазіргі күні партия қолға алған: ІТ-сыныптар мен ІТ-орталықтарын ашу, кітапханаларды, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жобаларды халық арасында насихаттау, түсіндіру жұмысына бастауыш партия ұйымдары белсенді атсалысып келеді.
халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білу мен оған қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру міндеттері тұр. Сондықтан бастауыш ұйымдар заман талабына сай жаңашыл болып, саяси бәсекеде өмірді жақсартуға барынша қабілетті болуы керек. Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс.
«Ел бірлігі мен тұрақтылықты ту еткен «AMANAT» партиясы бүгінде ел аумағында атқарылып жатқан барлық іргелі істерге ұйытқы болуда. Мемлекеттік бағдарламалардың толыққанды іске асуына, сапалы, тиянақты орындалуына бақылау жасау арқылы қозғаушы күшке айналып, жедел әрі тиімді түрде жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық жобалардың басы-қасында болған саяси ұйымның жұмысын оң бағалаған халық бағыты айқын «AMANAT» болашағы жарқын екеніне сеніммен қарауда. Қазіргі таңда барша қазақстандықтар өздерінің кемел келешектерін «AMANAT» байланыстырады. Ал, оның айқын көрінісін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының, филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының жұмысынан көруге болады, дей келе еліміздің ертеңі көшбасшы партияның өміршең идеялары тұрғанда жарқын болатынына сенім білдірді.