Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Болашақ» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды. №23 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өткен жиынға «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы Тойлыбаева Жанар Жорақызы және партия мүшелері, ұстаздар қауысы қатысты.
Жиында алғашқы болып сөз алған Жанар Тойлыбаева жастарға кәсіптік бағдар беру бойынша аймақ мектептерімен байланыстар орнатып, мамандықтар туралы және ғылым жайында түсініктер беріп, көмек көрсету бағытын айқындау жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, сындарлы саясат жүргізе алатын, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман кадрларды тәрбиелей отырып, елдің экономикасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге күш салу қажеттігі жайлы айтылды.
Еске салар болсақ, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Партия төрағасы Ерлан Қошановтың мегаполиске іссапарында партия кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және дамыту жолындағы кедергілерді жойып, жастардың бизнес бастауына қолдау көрсетеді деген болатын. Уәде орындалуда.
Оның бір мысалы, балабақша ашқан Дана Мирбекова. Жеке кәсіпкер қазіргі таңда миллионды қала тұрғындары үшін өзекті болған балабақшалардағы орын жетіспеушілігін жоюға өз үлесін қосып келеді. Балабақшаны жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық жеңілдетілген несие алып ашып отыр. Кәсібін ашуға жөн сілтеген «Shymkent Invest» фронт-офисі. Аталмыш орталыққа бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев арнайы барды. Фронт — офис жұмысын бағдарлап, кәсіпкерлермен сұхбаттасты.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
