• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫМЕН КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты, ақпан айының соңы мен наурыз айының басында Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп-лицейінің директоры Қасымбай Өмірбекұлы Атабаевтың және кәсіподақ комитетінің төрағасы Абдурахман Абдулвахитұлы Нуримовтың қатысуымен ұжымда өткізілген жиналыста еңбек қатынастары туралы мәселелер қаралып, оның ішінде ҚР Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» заңынан түсініктемелер беріліп, қызметкерлердің құқын қорғау мақсатында мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу қажеттілігі және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болудың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық мағлұматтар берілген болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің ұжым мүшелері толығымен, яғни жалпы мектеп ұжымында жұмыс жасайтын 268 адам, оның ішінде 220 педагогтар мен 48 техникалық, кіші қызметкерлер «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кәсіподақ мүшесі болып кіруді ұйғарған.
Ағымдағы жылдың 7 наурызында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың, мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — мектеп-лицейдің директоры Қ.Атабаевтың және мекеменің жұмыскерлері атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Нуримовтың арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.
Аталған басқосудан кейін мектеп басшылығы кәсіподақ көш басшысына еңбек адамын қалыптастыру мақсатындағы ұстаздардың жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика