• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Барлық ел үшін демографиялық саясат маңызды рөл атқарады.

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Өйткені мемлекеттің басты байлығы — адам. Сондықтан мемлекет ұлттың өсіміне, денсаулығына, әлеуметтік жағдайы мен біліміне айрықша мән беріп, халықтың сапалық тұрғыдан барынша дұрыс дамуына, демографиялық саясаттың дұрыс жүруіне жағдай жасайды. Мемлекеттік басқару ісінде халықтың нақты санын да біліп, соған сай әлеуметтік экономикалық жоспарлау да маңызды. Осы орайда еліміз он жыл да бір рет Ұлттық халық санағын өткізіп тұрады. Дәл қазір біздің елімізде де Ұлттық науқан халық санағы өткізілуде. Негізі соңғы науқан 2009 жылы өткен болатын. Соған сай кезекті санақ 2019 жылы өтуі керек еді. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. Ал 2020 жылы еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуы мен енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты тағы да науқанды кейінге қалдырған болатынбыз. Екі жыл қатарынан кейінге шегінген ұлттық халық санағы биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығына жоспарланып, өткізілуде. Санақ екі кезеңге бөлініп, онлайн және офлайн өтуде. Онлайн халық санағын бірінші қыркүйектен бастау жоспарланып, дәл қазір онлайн санақтан өткендер саны 7 млн адамнан асып отыр. Санақ жұмыстары бойынша Түркістан облысы алда келеді. Мұнда 913 мыңдай тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Тағы 746 мың азамат Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Мұнда 707 мың адам санақ сауалдарына онлайн жауап бере алған. Әзірге соңғы екі орында Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215 мың және 165 мың тұрғын санақтан өтіпті. Осылайша халық санағына онлайн қатысқан азаматтардың үлесі 37 пайызды құрап отыр. Енді халықтың қалған бөлігі дәстүрлі санақтан өтеді. Осы орайда айта кетер жайт, тексерілген, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін халықтың нақты санымен қоса жас құрамын, жыныстық құрамын, урбанизация дәрежесі секілді маңызды мәліметтерді анықтап, бұл жолғы санақ барынша жан жақты өткізілуде. Онлайн санақтан өту үшін арнайы сайтқа тәулік бойы кіру қамтамасыз етілген. Кез келген адам  орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар арқылы толтыра алады. Ал онлайн санақтан өте алмаған азаматтар дәстүрлі үздіксіз санақтан өтеді. Ол үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі санақ жұмыстары жүргізіледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика