• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауда қандай рөл атқарады?

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Отбасы күні қарсаңында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Денеева Гулсим Жумагалиевнамен балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде сұхбат. Жанұяда, әсіресе ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірде өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бергенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекшк көңіл бөлген. 

Сұрақ:

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауда қандай рөл атқарады?

Жауап:

Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау ата-аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты мемлекеттік бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) қаражаты есебінен кешенді түрде көрсетіледі. Бүгінде бала туған кезде ата-аналардың бірі еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны бюджеттен алады, оның мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға–38 АЕК-ті, ал төртінші және одан көп балаға–63 АЕК-ті құрайды. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін аналар бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алады, оның мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты болады.  Жұмыс істейтін әйелдерге келетін болсақ, олардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанда 2008 жылдан бастап ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру енгізілді. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша жұмыс орнынан демалыс беріледі. Осындай демалысты ресімдегеннен кейін болашақ ана жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алуға өтініш береді. Бұл төлемнің мөлшері демалыстың алдындағы соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар аударылған орташа айлық табысына байланысты болады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай төлемді Қызылорда облысы бойыншабарлығы 3153243,8 мың теңгеге 6720 жуық әйел алды. Бала туғаннан кейін ата-аналардың бірі МӘСҚ-дан бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге жүгіне алады. Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% — ын құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай төлемді Қызылорда облысы бойыншабарлығы 4101060,3 мың теңге сомаға26865 адам алды. Осылайша, жұмыс істейтін ата-аналар жұмыссыздарға қарағанда әлеуметтік төлемдерді көбірек алады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика