• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЛАЛАР ТЕМІРЖОЛЫ ВЕЛОЖОЛҒА АЙНАЛЫП, СЕРУЕН АЙМАҒЫ БОЛДЫ

Автор:admin

Июл 1, 2024
Spread the love
Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге заманауи талапқа сай абаттандырылған балалар теміржолы аумағын аралады. Мегаполис басшысының тапсырмасымен, қараусыз қалған аумақ жан-жақты зерделеніп, жаңа серуендеу аймағының тұжырымдамасы дайындалған болатын. Жоба бойынша халыққа қолайлы, серуенге ыңғайлы, қауіпсіз аймақ жасау қарастырылған болатын. Сонымен қатар, спорттық алаңшаларға да орындар қарастырылған.
Орталық стадионнан Денросаябаққа дейінгі шамамен алты шақырымды құрайтын жолда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут-алаңдары бар. Осы алты шақырымдық жол түгел асфальтталған. Алдағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұнда бейнекамералар орнатылады, сондай-ақ турполиция тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Нысанның тарихи келбеті сақталуы үшін станцияларға жаңартылған вагондар қойылады.
Сонымен қатар жол бойынан халықтың игілігі үшін кофе ішетін орындар ашылады.
Айта кетейік, нысан демеушілер есебінен жасалынып жатыр. Қалада алдын үш нысан демеушілердің көмегімен халық игілігіне берілген болатын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика