• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаменті оқу жылының басталуына байланысты жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы барлық білім беру ұйымдарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде қаладағы 150 мемлекеттік мектептің алдында жаяу жүргіншілер жолақтарын жаңартуға және тиісті жол белгілері мен техникалық құралдарды орнатуға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нұсқамалар жолданды.
Қазіргі таңда берілген нұсқамалардың негізінде 65 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп аталған жұмыстар күнделікті атқарылуда. Сонымен қатар, полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, оқу жылы басынан барлық мектептердің алдарында оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері үш ауысымда жұмыс атқаратын болады.
Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жыл сайын әлемде жол апаты кесірінен 1,25 миллион адам қаза тауып, 50 миллион адам жарақат алады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады.
Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі. Жолда жүру ережесін сақтау – баршаның міндеті.
Жол-көлік жарақаты құрылымында балалардың қатысуымен болған оқиғалар жетекші орын алады.
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика