Оларды ұлттық бағдарлама шеңберіне енгізуді, сол мәселелерді қоғамның, әр отбасының және әр баланың мүдделеріне жан-жақты жауап беретін мемлекеттік бала саясатының сапалы жаңа нысандарын қолдана отырып, халықаралық қағидалар мен міндеттерге сәйкес заңнамалық деңгейде шешуді қажет етеді. Әрине, балаларды қорғау және олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуде кейбір мәселелер туындап отырады. Мұндай мәселелерді шешудің ең басты құралы – оларды заң шығару шығару арқылы реттеу.
Осы идеяны жүзеге асыру үшін заңнамалық жұмыс дамуының демократиялық нысандары, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеті, қоғамдық институттарды құру және т.б айрықша маңыздылыққа ие. Қоғамда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жатқызуға болатын ең осал халықтың жағдайын жақсартатын базалық заңдар қажет. Осы мәселе еліміздің отбасы қатынасындағы мәселелерінің бірі болып саналады.
Қазіргі таңдағы неке-отбасы қатынасынан туындайтын мәселенің танымал түрінің бірі – суррогат жағдайы. Суррогат ана — баланы ұрықтандыру мен тууында үш адам қатысатын (генетикалық әке, генетикалық ана, суррогат ана) қосымша репродуктциялық технология (ҚРТ). ҚРТ — ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі. Суррогат ана — бала туатын жастағы, ақылы немесе ақысыз негізде генетикалық ата-аналардан бала көтеруге және тууға келіскен және осы баланың анасы рөліне таласпайтын әйел.
Қазақстанда суррогат ана өзінің бастауын 1998 жылдан бастайды, ол ҚРТ әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасын жүргізді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шықты. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды.
“Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” ҚР Кодексінде 9-бөлім “Суррогат ана және қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану” бөлімі бар.
Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол ҚР азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Суррогат ана шартымен бірге ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) сәйкес қызмет көрсететін, қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасайды.
Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді.
Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырмадан отыз бес жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс.
Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда, суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы тиіс.
Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпарат бар қорытынды шығаруға міндетті.
Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды.
R-ақпарат