Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Бадам тұрғын алабының ауыл билерінің және жергілікті тұрғындардың катысуымен кездесу өткізілді.
Елдің тұтастығы — әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұран етіп ұстанған бадамдық этнос өкілдері бірлік мәселесіне басты маңыз беруде.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, азаматтық келісімді нығайту, кереғар діни ағымдардан сақтану жөніндегі келелі ойлар ортаға салынды.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу, этносаралық қатынастар саласында мемлекет пен қоғамның азаматтық институттары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Келісім, толеранттылық атмосферасын қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен білім саласының ықпалы, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы және қоғамдық бірлікті нығайтудағы қызметі талқыланды.
Рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, толеранттылықтың жоғары мәдениетін, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасты, патриотизмді, сондай-ақ балалардың тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және интеллектуалдық дайындығын тәрбиелеудің, әлеуметтік өзара іс-қимыл және оң этносаралық коммуникациялардың өзекті мәселелері көтерілді.