• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

“АЯНАТ” ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 600 ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРЕДІ

Автор:admin

Ноя 3, 2022
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында орналасқан 2022 жылы аумағы кеңейіп, модернизациядан өткен «Аянат» шаруа қожалығына барды.
Ерте көктем және қыс айларында көкөніс өнімдеріне деген қажеттіліктің орнын толтыру және қияр қызанақ өнімдерінің осы маусым аралық кезеңдерде бағасының шарықтап кетпеуінің алдын алу мақсатында, мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды түсіндірді. Қазіргі таңда мұнда жылына 500-600 тонна қызанақ өсірілуде. Жалпы аумағы 4 гектарды құрайды. 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта қожалық иесі нысан аумағын ұлғайтуды көздейді. Сол арқылы өнім көлемін арттырып, қызанақтарды көрші елдерге экспорттамақ.
Бастамаға қолдау танытқан Мұрат Дүйсенбекұлы ауылшаруашылық өнімдерінің артуы — экономикаға да оң серпін беретінін айтып, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы табыс 110,7 млн. болса, биыл 11,4 млн. АҚШ долларына артты.
Қайта өңделген өнім эспорты — 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9% құрайды.
Өнімнің 40% Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған.
Ұн -111,4 мың тн, өсімдік майы — 33,2 мың тн, кебек- 39,0 мың тн, макарон – 2,3 мың тн, қауын, қарбыз- 1,7 мың тн, пияз — 422,9 тн, қырыққабат- 170,0 тн, қызанақ- 96,0 тн, шұжық-37,0 тн, ет-260 тн, жүн-753 тоннаны құрады.
Атап айтар болсақ алдыңғы 2021 бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр.
Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.
Атап айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.
Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. 2021 жылдың бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өскен.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика