• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» 20-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Автор:admin

Авг 4, 2023
Spread the love

Медиация апталығы аясында қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ жаттықтырушы-медиаторы Н.Оразкұлова, медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор С.Абдукаримова қоғамдық қабылдау өткізді.
Республикалық акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық мәселелер, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша тегін консультациялық кеңестер беруді мақсат еткен.

Апталық аясындағы «Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды.

Айта кетсек, Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі жарияланды.
Қазіргі таңда 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор халық арасында түсіндіру, этномедиация ұғымын ілгерілету бағытында бірлесе жұмыс атқаруда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика