Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының м.а. А.Апбас бейнебайланыс қолдану арқылы кеңес өткізді.
Кеңеске департаменттің бөлім басшылары және аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
Кеңесте сот кабинеті сервисін артықшылықтарын сотқа қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, кіріс хат-хабарларды уақытылы тіркеу, шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау, азаматтарды жеке қабылдау мәселелері және жұмыс барысында туындайтын сұрақтар талқыланды.
Жиын соңында басшының м.а. жоғарыда аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына жіті мән беріп, берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.