• Чт. Июл 24th, 2025 6:16:49 AM
Популярные метки

Аттестат тапсыру – жаңа өмірге бастар жол!

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love

2025 жылдың 19 маусым күні «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де толқыныс пен қуанышқа толы салтанатты кеш өтті. Мектеп ұжымы мен ата-аналар биылғы 15 түлекке салтанатты түрде *аттестаттарын* табыстады.
Түлектердің ішінен *Мүсірова Балауса Мұхтарқызы* «Алтын белгі» иегері атанып, мектебіміздің мәртебесін биікке көтерді.
Салтанатты кешті мектеп директоры *Оспанов Асет Матенович* ашып, түлектерге ақжол тілеп, жүрекжарды тілегін арнап, алтын белгі иегеріне өз атынан қаржылай сыйақы мен кітап тарту етті. Мұғалімдер мен ата-аналар және ардагер ұстаз Сыдықова Қымқаш апайымыз да жүрек түкпіріндегі лебіздерін білдіріп, түлектерге өмірлік бағыт берді. Ал оқушылар өз ризашылықтарын ән-жыр, өлең және жылы сөздермен жеткізді.
*Мақсаты:* Түлектерге білім беру сатысындағы жетістіктерін бекітіп, үлкен өмірге сенімді әрі жігерлі қадам жасауға шабыт беру.
Бұл – қоштасу ғана емес, жаңа белестің бастауы. Барша түлектерімізге жарқын болашақ, биік арман, нық қадам тілейміз!

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика