• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

Балалар құқығының Халықаралық конвенциясы мен қолданыстағы қазақстандық заңнамасы балалардың, сонымен қатар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық тәрбиеленуінің сөзсіз басымдылығы жарияланады. ҚР Отбасылық кодексінің 116 б. сәйкес атааналарының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасына тәрбиеленуге берілуі керек, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда — ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған барлық типтегі мекемелерге жіберілуі керек. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңнамалық құқықтары мен мүдделері ресми құжаттар тізімімен бекітілген: 1. «Балалардың құқығы туралы» ҚР Заңы 2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 3. «Отбасылық типтегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлері туралы» ҚР Заңы 4. «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы 5. және басқалары. Ұлттық заңнамаға сәйкес  әрбір баланың, егер бұл оның мүддесіне қайшы келмеген жағдайда, отбасында тұрып, тәрбиеленуге, өз ата-анасын білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін көруге құқығы бар. Бірақ, ҚР Заңнамасы әлеуметтік жетімдікті алдын алу шаралары бойынша, яғни баланың мүддесін, оның қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі дағдарыстық отбасын оңалту мен отбасы ішілік қарым-қатынастарды түзетуге қажетті шараларды ешқалай қарастырмайды. Баланың, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ерігіне қарсы баланы ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен айыруға тиым салынады. Айыру туралы шешімді тек айрықша жағдайда сот және тек баланы қорғау мақсатындағы керекті шамада ғана қабылдайды. Тәжірибеде, қиын-қыстау жағдайларда, бұл мәселе көбінесе ата-ана құқығынан айыруға шешіледі, бұл автоматты түрде баланың отбасынан түбегейлі және үзілдікесілді айырылуына соқтырады, себебі ата-ана құқығын қалпына келтіру жағдайлары жоққа шақ. Ата-ана құқығынан айыру туралы іс ата-аналардың, кәмілетке толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша міндеттер жүктелген ұйымдар, органдар немесе басқа да балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша, сонымен қатар прокурор қуынымы бойынша қарастырылады. Балаға ата-ана құқығынан айыру туралы шешім сотпен қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді атқаратын прокурор мен органның қатысуы арқылы жинастырылған құжаттардың негізінде қабылданады. Заңнамамен құқықтан айырудан басқа, ата-аналық құқықтан шектеу де қарастырылған. Шектеу – сот қаулысы негізінде шығарылатын ата-аналық құқықтан айырмай баланы ата-анасынан алып қою.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика