• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АТАЖҰРТҚА ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАР 6 АЙ ТЕГІН ТҰРЫП, ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АҚЫСЫЗ АЛА АЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 1, 2022
Spread the love

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.
Мұнда тарихи Отанына оралған қандастарымыз 6 ай мерзімінде тегін тұрып, ақысыз қызмет түрлерін пайдалана алады. Орталықта бүгінде 8 отбасы, барлығы 27 қандас бейімделуде. Оның 15-сі — бала, қалғаны ересек. Қызмет алушылар үшін асхана, демалатын бөлме және арнайы оқу бөлмесі қарастырылған.
Қандастарға 6 түрлі кіші кәсіптік мамандық (аспазшы, кондитер, есеп және аудит, электрик, тігінші, газэлектродәнекерлеуші) және қазақ тілі, орыс тілі, ҚР Заңнамасы, ҚР тарихы, этно-педагогика (әдет-ғұрып), халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие сынды 6 пәндік дәрістер қалаулары бойынша оқытылады.
Сондай-ақ жеке меншік оқу орталықтарымен жасалған әріптестік байланыс аясында, 5-17 жас аралығындағы балалар «Шешендік өнер», «Зергерлік өнер», «Шахмат», «Домбыра», «Биссермен өру», үйірмелеріне тегін қатысуға мүмкіндік алған.
Ал ұжым қызметкерлерінің атсалысумен орталыққа «Отбасы банк» кеңесшілері келіп, тұрғын үй жайлы ақпараттар ұсынып, нәтижесінде 5 қандас өз депозиттерін ашқан.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, тұрақты түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, атажұртына оралған қандастарымыз мәдениет ошақтарына және тарихы қасиетті орындарға жиі барып, ұлттық салт-дәстүрімізбен етене танысуда.
Айта кетейік, орталыққа 2008 жылдан қазіргі таңға дейін 789 отбасы, 2216 қандас келіп бейімдеу қызметтерін пайдаланып, 1060 қандас кіші кәсіптік мамандық алып шыққан.
Өткен жылы 2021 жылы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» 6 ай мерзімінде қызмет алушы қандастарымыздың мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлері көрсетілген болатын.
Сонымен қатар, орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және т.б.
Өзбекстан Республикасынан келген қандасымыз Ғалымжан Аманбаев қазіргі таңда «Дәнекерлеу ісі» кіші кәсіптік мамандығын тәмамдап, куәлігін алды. Жас күнінен еңбекпен өскен Ғалымжан бүгінгі күні құрылыс саласында қызмет атқаруда. Ендігі мақсаты — алған куәлігі бойынша жұмысқа орналасып, Өзбекстанда қалған отбасын елге әкелу.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 562 отбасына (759 адамға) қандас мәртебесі берілген.
Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне 689 отбасына (942 адамға) қандас мәртебесі берілді. Мәртебесін 6 айға ұзартқандар саны — 141 отбасы (165 адам).

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика