• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АССАМБЛЕЯ АЛАҢЫНДАҒЫ ЖАСТАР БАС ҚОСУЫ

Автор:admin

Июн 23, 2023
Spread the love

«Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» ұйымы мен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында пікір-сайыс өтті.
Ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті сақтау мен нығайтуға Ассамблеяның барлық институттарының мақсаты бір – еліміздің егемендігін сақтау. Еліміздің тәуелсіздігі – барша қазақстандықтардың ортақ құндылығы. Рухани бірлік пен құндылықтарды өзара құрметтеу негізінде ғана қоғамдық келісімге келеміз. Кез-келген мемлекеттің өркендеуі – жалпы қоғамдық келісімнің нәтижесі. Бұл – Мемлекет басшысы айтқан «бірлік – әралуандылықта» қағидасының мызғымас мәні.
Президенттік реформаларды жүзеге асыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Міне, Ассамблеяның кең желісі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
«Елді өзгертудің барлық үдерістерінде ҚХА және этномәдени бірлестіктері өкілдерінің елдің тұрақтылығы мен бірлігіне үлесі маңызды роль атқарады. Еліміздің қазіргі заманғы тарихында Ассамблеяның рөліне тоқталып, ассамблеяның қоғамдағы рөлін атап, кез-келген сынаққа төтеп бере алатын құқықтық, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруда Мемлекет басшысының ұжымдық көмекшісіміз», – деді қатысушылар.
сонымен қатар, еліміздегі білім беру ұйымдарының құрамы көпэтносты, нақты айтқанда, білім беру мекемелерінде оқушылардың дүниеге көзқарасы, құндылықтары мен бағдарлары қалыптасады, үлкенді-кішілі қарым-қатынастың жеке тәжірибесі жинақталады. Ол, сондай-ақ, баланың толеранттылық санасын қалыптастыруда отбасының және отбасындағы қарым-қатынас атмосферасы, ата-ана мен туыстар арасындағы қарым-қатынас стилі бала үшін маңызды екенін, этносаралық толеранттылықтың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Қатысушылар білім беру ұйымдары тұрақты, позитивті және толерантты көпэтносты қауымдастықты қалыптастыру үшін ҚХА аймақтық құрылымдары және этномәдени бірлестіктермен тұрақты негізде ынтымақтастықта болуы қажет деп санайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика