• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Арыс аудандық сотында аудан көлеміндегі жеке сот орындаушылармен «Сот орындаушылардың қаулыларының сапасы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Автор:admin

Май 30, 2023
Spread the love

Семинар сабақта сот орындаушылардың қаулыларының санкциялау бойынша орын алған кемшіліктер баяндалды, атап айтқанда сотқа өткізілетін ұсыныстардың сапасы, яғни түпкілікті сот актісі шығарылған тілде ғана ұсыныстар өткізілу керектігі, сонымен қатар қаулыда көптеген грамматикалық қателер, қаулыда толық көрсетілмеген уәждер, сотпен санкцияланғаннан кейін сот актісі болып есептелетінін, сондықтан бас тарту фактілерін азайту мақсатында сапаға көңіл бөлу қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ кездесуде «Мемлекеттік тіл мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастар саласында, заң жобасында, сот ісін жүргізуде, іс қағаздарын жүргізуде қолданылатынына тоқталып, мемлекеттік тілді білу ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылықты және еліміздегі азаматтардың бірлігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Жиын соңында ұсыныстар айтылып, туындаған сұрақтарды өзара талқылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика