Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» ұжымы және оқырмандарымен кездесу өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна кітапхана ұжымы қатысты.
Кездесуде ұжым және оқырмандар өздерінің бірқатар сауалдарын мәжіліс депутатына жолдады.Және партиямыз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ыңғайлы инфрақұрылым жасайтынын жеткіздік. Данабек Ержанұлы сауалдарға заң аясында жауап беріп, тиісті шаралар қолданылатынын айтты.
Кездесуде Данабек Исабеков қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты.
«Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Азаматтық қоғамды дамытуды, ашықтық пен жариялылықты қолдауды көздейтінін Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше рет атап өтті. Соның айқын дәлелі Президенттің бастамасымен биыл елімізде, оның ішінде біздің ауданымыздағы үш ауылда ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұрын ауыл әкімдері депутаттардың дауыс беруімен қызметке кіріссе, енді жергілікті халықтың дауыс беруімен, яғни қолдауымен сайланады. Бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеріп, қабылдайтын шешімдерін түзеуіне, жергілікті билік жұмысының халыққа етене жақын болуына әсер етері сөзсіз.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – Қазақстанның тұрақтылығын сақтай отырып, егемен елімізді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсудің нақты қадамдары нақты көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтық дамуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Парламенттегі депутаттық корпустың мақсаты – осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету болса, жергілікті мәслихат депутаттарының міндеті Жолдаудан туындаған мақсаттарды атқарушы органмен бірлесіп жүзеге асыруға үлес қосу болып табылады.