Ана мен оның баласы үшін бала туудағы қауіптерді келесідей жағдайларда: 1) әйел жүктілікке дейін дені сау және жақсы тамақтанатын болса; 2) ол әр жүктілік кезеңінде білікті медицина қызметкеріне кемінде төрт рет қаралып отыратын болса 3) оның босануына білікті акушер-маман, дәрігер, медбике көмектессе 4) асқынулар болған жағдайда анасы мен баласы мамандандырылған көмекке бара алса 5) босанғаннан кейін ана мен бала алғашқы 24 сағатта, бірінші аптада және алты аптада тиісті маманға қарала алса төмендетуге болады.
Үкімет әр әйелдің жүктілігі, оның ішінде босануға дейінгі және босанудан кейінгі күтімін қамтамасыз етуге; әйелдің босануына білікті акушерлерді дайындап; олардың денсаулығында проблемалар туындаған жағдайда арнайы күтім мен кеңес беруге; әйелді жұмыс орнында әлеуметтік тұрғыда қорғауға жауапты. Үкіметтердің көпшілігі әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялады. Кейбір елдер ананы қорғау туралы халықаралық келісімдерді ратификациялап, оларды қорғау туралы тиісті заңдар да қабылдады. Әйелдердің құқығын қорғауға арналған халықаралық келісімдерге жүкті әйелдер мен аналарға медициналық қызмет көрсету, жұмыс орнында қорғау туралы заңды міндеттемелер кіреді.
Көптеген әйелдер, соның ішінде отбасын құру алдындағы жастар кедейлік, орталықтан қашықта тұру, ақпараттың жетіспеушілігі, тиісті қызметтердің көрсетілмеуі немесе қалыптасқан қоғамдық әдет-ғұрып салдарынан сапалы медициналық көмек ала алмай жатады. Үкіметтер мен жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың қолдауымен әйелдердің сапалы медициналық көмек алуын және жаңа туған нәрестелерінің медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге жауапты болып саналады.
18-75 жастағы әйелдер арасында психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықтың таралуы.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі бүгінгі күні мемлекеттік жәрдемақы мен қызмет жүйесі арқылы ұсынылған, ол мыналарға бағытталған:
а) бала тууды ынталандыру
— отбасының табысына қарамастан, бюджеттен төленетін бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты берілетін жәрдемақы – олардың көлемі отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған және бүгінде олар енгізілген кезеңдегі мөлшерінен тиісінше 5,3 және 3,1 есеге артық. Мұндай көмекті бүгінгі күні 591 мың ана алады;
Анықтама ретінде: 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақыны төлеуге шығыс көлемі 26,1 млрд. теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыны төлеуге шығыс көлемі 31,1 млрд. теңгені құрады.
— 2008 жылдан бастап енгізілген жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік қатерлер басталған кезде МӘСҚ-дан берілетін әлеуметтік төлемдер. 2014 жылы мұндай әлеуметтік төлемдерді 184 мың ана алды;