Қазақтың бойындағы өзгеше қасиеттердің бірі – балажандылық. Олар өздерінің мұншалықты балажан мінезін «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп тәмсілдейді. Сөйте тұра балалары тәрбиесіз, залым болып өсе бастағандай болса, «Я, Алла, бала бер, бала берсең – сана бер, сана бермесең – ала бер!» деп, қажетті жерінде өзегін жарып шыққан өз баласына да қатаң бола білген. Бұл қазақтың қатыгездігі емес, қара қылды қақ жарар әділдікті жақтауы. Бұл енді бұрындары… Бүгінде бала тәрбиесінде нелерге көңіл бөлген жөн?
Психологтердің айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Баланың анасына деген сүйіспеншілігі оның қызына деген сезімінен ерекшеленеді. Бұл көбіне гендерлік айырмашылыққа байланысты. Жоқ, ол ондағы сексуалдық нысанды көрмейді, бірақ әлеуетті келіншекке деген қызығушылығы оған тән. Баланың анасына деген сүйіспеншілігі күшті, бірақ ол оны қамқорлыққа тәрбиелейді. Осылайша психологиялық тұрғыда, адам ерлі-зайыптыларға үйленіп жатқанда, отбасында сүйіспеншілік пен қамқорлықты табады және оған туған адамға қамқорлық қажет емес. ─ Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін. Сол үшін мынадай нәрселерге коңіл бөлген жөн, атап айтар болсақ:
Балаңыздың айтар сөзіне мән беріңіз.
Баланы кішкене күнінен бастап,жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз. Отбасының шаттыққа бөленуі,от анасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
Жылулықты да сездіретін әйел адам,бақытты отбасын шаттыққа бөлейтін анасы мен баласы. Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында. Баланың бақытты болуы,анасы мен әкесіне байланысты.
Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала мейірімді болып өседі.Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала,болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзсіз. «Балалы үй базар,баласыз үй қу мазар» деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек.Бала болған үйде шаттықта,қуанышта болады.Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да,қызықтырмай қоймайды.
Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға, сондай ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата-аналарға арналады. Бала сіздің іс-әректіңзді қайтлаушы ғана екенін есіңізден шығармаңыз.
R-ақпарат