Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Құзырлы мекеме мамандарымен жасақталған комиссия жыл басынан бері 63 отырыс өткізіп, 40-тан астам құқық бұзушылық фактілерін анықтаған. Аталған құқық бұзушылықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер толығымен жойылды. Кәсіпкерлік субъектілерге хронометраждық зерттеу жүргізіліп,11 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ базар және сауда желілерімен – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатуға жол бермеу, бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, саудагерлердің нарықта сөз байласуына, заңсыз табыс табуына жол берілмейді. Бүгінде комиссия мүшелері өз жұмысын жалғастыруда.