• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Июл 18, 2023
Spread the love

Қылмыстық процес барысында адамдардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалау – прокуратура қызметінің басты міндеті.
Кезекші прокурор институты осы міндетті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Негізгі мақсат – адамдарды негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу, жеткізілгендер мен ұсталғандар құқықтарының бұзылуын болдырмау, заңсыз процестік шешімдердің дер кезінде күшін жою.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 1-тармағына сәйкес әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 129-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеткізу – адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
Түркістан қаласы прокуратурасының кезекші прокурорлары 2023 жылдың өткен мерзімінде 4 адамды қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен босатып (заңсыз үш сағаттан артық ұстағаны үшін), конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде кінәлі 4 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика