• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС(4)

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

Мемлекет полицияны, прокурорларды және судьяларды адамдарды сатумен айналысатын қылмыстарды анықтау, тергеу және соттық қудалау жөнінде дайындау шараларын, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференцияларға полицияның қатысуын қаржыландыруды жалғастырды. 2017 жылы Әділет академиясы қылмыстық процесс барысында адам саудасының құрбандарын қорғау тақырыбында 183 судьяға арналған 5 оқу іс-шарасын өткізді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау оқу орталығында 143 полиция қызметкері үшін тергеу іс-шараларын жүргізу әдістемесі бойынша сегіз оқыту іс-шарасы өткізілді. 174-ке жуық полиция мен әлеуметтік қызметкерлер құрбандарға көмек көрсету семинарларына бірге қатысты. Барлық оқу бағдарламалары шеңберінде мемлекет шараларға арналған бөлмелермен қамтамасыз етті, ал халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және халықаралық донорлар басқа шығыстарды төледі, соның ішінде мұғалімдерді тасымалдау шығындары мен оқыту материалдары да бар. Есепті кезеңде шет елдермен, мысалы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстанмен бірлесе отырып, адам саудасы бойынша 14 қылмыстық іс қаралды. 2017 жылы мемлекет адам саудасы саласындағы қылмыстарға байланысты өз елдерінде іздестіріліп жүрген екі адамды экстрадициялады.
Қазақстандағы адам саудасы жағдайына арналған есепке сәйкес, адам сатумен айналысқандар әуелі жұмыс тауып беретінін айтып, адамдарды тартады. Кейін оларды жыныстық құлдыққа салады немесе ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге салалардағы жұмысқа жегеді.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары комиссиясының хатшысы Тастемір Әбішев ауылдық жерлерде мұғалімдер, дәрігерлер және әкімдік қызметкерлерінің адам саудасын ажырата алатындай білімі болуы тиіс деді.
Адам құқықтары комиссиясы соңғы есебінде сонымен бірге Қазақстан үкіметіне адам саудасына тап болғандарды анықтау үшін мемлекеттік инспекторлармен жұмысты нығайтуға кеңес берген.
—Мемлекеттік инспекторлар бірінші рөл атқаруы тиіс. Алайда өкінішке қарай бізде инспекторлар бір мезетте екі органға қарайды: еңбек министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге бағынады. Көптеген инспектор өздеріне тән емес міндеттермен айналысады, — деді Тастемір Әбішев.
Қазақстан ІІМ мәліметінше, 2022 жылы елде еңбек қанау фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған. Аталған істер тергеліп жатыр. 2020 жылы 21 адам еңбек қанау құрбаны ретінде танылған. Былтыр бұл көрсеткіш 4 болған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда еңбекке күштеп жегілген адамдар анықталса да оларды жұмыспен қамту, құжаттарын қалпына келтіру мәселелері шешілмеген.
Сәрсенбілік брифинг кезінде шағын ауылдарды аралаған кезде ұзақ жыл құжатсыз жүрген отбасылар анықталғаны да айтылды. Арасында Қазақстан және СССР құлағаннан кейін Қазақстанға көшіп келген Ресей және өзге ел азаматтары бар.
Қазір Қазақстанның үш облысында адам саудасы құрбандарын анықтау үшін мобильді топтар құрылған. Олар азаматтардан арыз-шағым күтпей-ақ шалғай ауылдарға барып, адам саудасы құрбандарын анықтауға кіріскен.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика