• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС(2)

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

Қазақстан үшін ұсыныстар:
Адам саудасының құрбандарын, әсіресе, мәжбүрлі еңбекке тартылған шетел азаматтарын — халықтың осал топтарының арасынан анықтау шаралары айтарлықтай күшейтіліп, құрбандарды көмек көрсетуге арналған жерлерге жолдау керек. Адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктерге көмек көлемін едәуір кеңейту, тергеу мен сот ісін жүргізуге қатысып-қатыспауына қарамастан, зардап шеккендердің жеке тұлғаларын анықтау (идентификация) шараларын және оларға көмек көрсетуді қамтамасыз ету керек. Адам
саудасымен айналысу туралы істерді тиісті заңдық процедураларға сәйкес тергеу, қылмыстық қудалау және жауапқа тарту шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғалар мен полиция қызметкерлеріне қатысты шараларды күшейту керек. Адам саудасына қарсы күреске жауапты полиция бөлімшелерінде қаржыландыруды ұлғайтып, оларды ресурстармен қамтамасыз ету қажет. «Тараптарды татуластыру» арқылы адам саудагерлерін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмау немесе мұндай қылмыстар үшін тергеу мен жауапқа тартылудан құтылып кете алмауын қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Жәбірленушілерді депортациялауды тоқтатып, оларға мәжбүрлеп репатриациялаудан басқа да заңдық баламаларды ұсыну қажет. Мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау және полицияға адам саудасы туралы ықтимал жағдайларды хабарлау жөніндегі еңбек инспекторларын дайындауды жалғастыру керек. Адам саудасына қатысы бар қылмыстарға қатысуларына немесе жәрдемдесулеріне жол бермеу мақсатында, дипломатиялық қызметкерлерді оқытып, оларға нұсқау беру керек.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқықбұзушылық тіркелген.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 37,2 пайызға аз.
Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай.
Ал бір жыл бұрын мұндай 75 құқықбұзушылық тіркелген еді.
Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды.
Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқықбұзушылықтар Шымкентте жиі тіркелді: 17 жағдай.
Қалада өткен жылмен салыстырғанда мұндай құқықбұзушылық 2,1 есе көбейген.
Екінші және үшінші орында Астана (13 құқықбұзушылық, бір жылда 18,2 пайыз) және Алматы (12 құқықбұзушылық, минус 40 пайыз) болды.
Сонымен қатар алғашқы бестікке Қостанай (7 құқықбұзушылық, 40 пайыз) және Қарағанды (5 құқықбұзушылық, минус 28,6 пайыз) облыстары да кірді.
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика