«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек 2023 жылға арналған Жол картасы негізінде қаладағы қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының құрамындағы «Абдуганиев и К» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен жүздесу барысында қауіпсіз еңбек жағдайларына байланысты түрлі мағлұматтар берілді.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы сөз сөйлеп, биыл ҚР Кәсіподақтар Федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай, қатысушыларға мекемедегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.
Жұмыс тобының мүшелері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпті еңбек жағдайларын алдын-алу жолдарына және кәсіби аурушаңдықтан сақтану түрлеріне тоқталды. Нақтырақ айтсақ, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Сондай-ақ, ашық диалог түрінде өткен кездесуде кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Айта кетейік, аталған мекемені Бахтияр Абдуганиев басқарады және мекемеде 40 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Екатерина Исаева.