• Ср. Авг 20th, 2025 3:36:26 PM
Популярные метки

АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ САПАРЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Шымкент – Алматы – Семей» бағытындағы ғылыми-танымдық экспедиция өз жұмысын бастады. 19–26 маусым аралығында өтетін бұл сапар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Шәкәрім университетінің студенттерімен бірлесіп жүзеге асуда.
Экспедицияны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі Шымкент қаласында өтті. Университеттің басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл бастаманың маңызын атап өтті:
– Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын жас ұрпаққа терең таныту, оларды патриотизм мен танымдық ізденіске баулу – басты мақсатымыз. Бұл экспедиция студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және тұлғалық дамуына ықпал етеді деп сенеміз, – деді ол.
Сапар құрамында 50-ден астам студент бар. Бағыт бойынша қатысушылар Алматы қаласындағы бірқатар ғылыми және мәдени мекемелерге, соның ішінде Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетке, «Қонаев» музейіне, М.Әуезовтің мұражай-үйіне, ҚР Ұлттық ғылым академиясына барады.
Негізгі бағыт — Семей қаласындағы тарихи-мәдени орындарды аралау. Атап айтқанда, студенттер Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, Сырт Қасқабұлақ (Абайдың туған жері), Ақшоқы (Құнанбай әулеті жерленген орын), Күшікбай және «Еңлік-Кебек» кесенелеріне барып, танымдық шараларға қатысады. Сондай-ақ Шәкәрім университетінің студенттерімен бірлескен кездесу өтеді.
Экспедицияның қорытындысы 26 маусымда Шымкент қаласында өткізіледі.
Аталған іс-шара – жастардың тарихи-мәдени мұраға деген құрметін арттыруға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеу және Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика